Халықаралық The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалі қайт аоралды!

ФЕСТИВАЛЬ АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ 2017 ЖЫЛЫ ӨТТІ
Фестивальдің негізін қалаушы - Батыр Казыбаев

The Spirit of Astana – халықаралық мультимәдени жоба. Фестиваль миссиясы –музыкалық және мәдени дүниетанымын дамытуға деген ортақ ұмтылысы бар жастары, ұлттары мен қызығушылықтары әртүрлі адамдардың басын қосу, әлемдік орындаушылардың өздеріне тән ерекше музыкасымен таныстыру.

Фестивальдің маңызды сәттері
Фестиваль идеясын Жан Қастеев ұсынған

Музыкалық шоудан бөлек, фестиваль аумағында мәдени мұра мен жәдігерлер әлеміне саяхат жасауға болады: киіз және былғарымен жұмыс істеу, қыш ыдыстар жасау өнері, көркемсурет, матаға сурет салу, флористикадан шеберлік сағаттарына қатысып, түрлі халықтардың тағамдарынан дәм татып, қолөнершілер жәрмеңкесінде өзгеше handmade бұйымдар сатып алуға болады.

Фестиваль Астанада алғаш рет 2017 жылы өтті. The Spirit of Astana – бүгінгі таңда ұлттық ауқымдағы мәдени жоба мәртебесіне ие The Spirit of Tengri брендінен бастау алып, өз бетінше ерекше музыкалық оқиғаға айналған шара. Фестиваль құндылықтарын жыл сайын Астана әкімдігі қолдап келеді.

“Бұл фестивальдің оралуы біз, ұйымдастырушылар үшін қаншалықты маңызды болса, Астана тұрғындары үшін де соншалықты маңызға ие деген үміттемін. Музыка бақыт, бейбітшілік пен махаббатты насихаттайды. Түрлі этностар мен халықтардың музыкаға деген ортақ махаббаты үшін бір сахнада өнерлерін паш етуін көру – ерекше сезім, ерекше құбылыс. Фестиваль құндылықтары – музыка мен этникаға деген махаббат. Біздің музыканы тыңдаған әр адам бұл махаббатты бар жан-тәнімен сезінеді деп ойлаймын", - дейді Alash Media Group холдингінің бас директоры Зәуре Қазыбаева.

Line up
5 елден
5 ұжым қатысады
Фестиваль кестесі
шеберлік-сағаттары, қолөнершілер жәрмеңкесі мен фудкорт жұмысының басталуы.
ұлттық ойындар аумағының ашылуы
12:00
14:00
• Былғарымен жұмыс жасау
• Киізбен жұмыс жасау
• Қыш мүсіндеу
• Қыш ыдыстар жасау өнері
• «Тоғыз құмалақ»
• «Асау мәстек»
• «Түйме алу»
• «Ақ сүйек»
Ұлттық ойындар аймағын ашу
15:00-17:00
«Асық ату» ойынынан жарыс өтеді, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады. Сайысты «Zhuldyz FM» радиосының жүргізушісі Жандәурен Мәди жүргізеді.
The Spirit of Astana фестивалінің басталуы.
17:00
• Матаға сурет салу
• Көркемсурет
• Флористика
spirit_of_tengri
Серіктестер
Фестиваль ұйымдастырушысы
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен
Ресми серіктестер
Ақпараттық серіктестер
ФЕСТИВАЛЬ СЕРІКТЕСТЕРІ
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлық сұрақтар бойынша жазыңыз
info@pantograph.kz
© 2024 The Spirit of Tengri
Pantograph фестивалін ұйымдастырушы